АНОНС! Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – ҚПО ) №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес» ТБН жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ҚПО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы қоғамдық талқылау өткізеді. Қалалық перинаталдық орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жеті бағыт бойынша жүргізілді:
- Құқықтық актілер мен құжаттар ережелерінің қайшылықтарымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- бюджеттік және қаржылық ресурстарды игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
-
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық мүдделі қызметкерлер осы талқылауға қатысып, өз ескертілері мен ұсыныстарын ҚПО комплаенс қызметіне яғни бірінші қабаттағы заңгер кабинетіне немесе қоғамдық талқылауға арналған интернет желісіне бере алады.